10 миллион беруге итермелеген: Қызылордада экономикалық тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары сотталды
Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары кәсіпкердің қылмыстық ісін тоқтатқысы келгені үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Алматы қалалық соты Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Қасымбаев пен кәсіпкер Сәкеновті кінәлі деп тапты.
Олар алаяқтыққа оқталып, Алматы кәсіпорны директорының қылмыстық ісін тоқтату үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлерін 10 миллион теңге пара беруге итермелеген.
Сот үкімімен Қасымбаев пен Сәкенов әрқайсысы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге
"Қаламақымызды ала алмай отырмыз": Ақындар мен композиторлар Қазақстан авторлық қоғамына қарсы шықты
Олар бұл жағдайдың авторлардың табысына тікелей әсер етіп отырғанын айтты