Қызылордада екі жастағы бүлдіршін көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
Қызылордада 2 жастағы бүлдіршін көпқабатты үйден құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы облыстық ТЖД мәлім етті.
Ата-анасы көзден таса қылған кезде балақай екінші қабаттағы үйдің терезесінен құлап кеткен. Қазір ол ауруханаға шұғыл түрде жеткізілген. Дәрігерлердің сөзінше, баланың жағдайы ауыр.
Бұған қоса департамент өкілдері облыста жыл басынан бері дәл осындай үшінші жағдай тіркелгенін атап кетті. Ал өткен жылы 7 жағдай тіркеліп, 1 бала қаза тапқан.
Атап кетейік, кейінгі уақытта елімізде балалардың терезеден құлап кетуі жиіліп кетті. Осыған байланысты Қазақстанда балалар оқыстан көз жұмбауы үшін терезеге қойылатын темір торға қатысты талаптарды қатаңдатылатын айтылған еді.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді