Қызылорда тұрғыны пара туралы хабарлағаны үшін 215 мың теңге сыйақы алды
Қызылорда тұрғыны сыбайлас жемқорлық дерегі туралы құзырлы органдарға мәлімдегені үшін 215 мың теңге көлемінде сыйақы алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тұрғын облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары алаяқтық жолмен 2 миллион теңгені иемденгені туралы мәлімдеген.
Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Ернар Мақажановтың сөзінше, шенеунік жер телімін алуда көмек көрсеткені үшін жеке тұлғадан 2 миллион теңге талап еткен.
"Лауазымды тұлғаның заңсыз әрекеті туралы тұрғынның мәлімдемесі арқылы жемқорлықтың алдын алдық. Қылмыстық іс сотқа жіберілді. Қылмыскер кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды", – деді Мақажанов.
2022 жылы аймақта жемқорлық туралы мәлімдегені үшін 10 адам сыйақы алған. Сыйақының жалпы сомасы 2 миллион теңге.
700 мың теңге бопсалады деген блогер полицияны үш рет жазықсыз түрмеге қамады деп айыптады
Блогер: "2021 жылы 3 ай 21 күнге, 2023 жылы 2 айға, 2024 жылы 1 жыл 6 айға қамалдым"
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген