Қызылорда тұрғыны күйеуін өлтіру үшін киллер жалдаған
Қызылорда тұрғын бұрынғы күйеуін өлтіру үшін киллер жалдаған. Полицейлер тапсырыс бойынша адам өлтіру ісін ашты.

Өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметініңм мәліметінше, 9 шілдеде жедел іздеу шарасы барысында 48 жастағы әйел ұсталды. Ол Түркістан обылсыынң тұрғынын жалдап, 20 мың доллар үшін бұрынғы күйеуін өлтіруге тапсырма берген. Орындаушы бұл туралы полицияға хабар берді.
"Тапсырыс беруші орындаушыны Шымкентке шығарып салып тұрып, күйеуінің жылжымайтын мүлкі сатылған соң ақысын беретінін айтады. Әйел алдын ала ақша төлеу барысында ұсталды. Қазір іске қатысты тергеу жүріп жатыр. Тергеу "Қылмысқа дайындық және қылмысқа әрекеттену" және "Адам өлтіру"бабы бойынша қаралуда", - деді полицияда.
Алматыдағы танымал демалыс орнында адамдар нәжіс аралас бассейнге түскен: Мұның денсаулыққа қандай қаупі бар?
Желі қолданушысы мұндай жағдайда бассейн жұмысын уақытша тоқтатып, санитарлық өңдеу жүргізілуі керек деп есептейтінін жеткізді
Әйелін электр сымымен қылқындырып өлтірмек болған қазақстандық жеңіл жазамен құтылды
Сот: "Жәбірленушінің мойнындағы сырылған жарақаттар денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соқпаған дене жарақаттары ретінде бағаланды"