Қызылорда облысында жаппай төбелес орын алды (видео)
Қызыолорда облысындағы жаппай төбелестің видеосы тарады. Видеодан жігіттердің қолдарына таяқ алып, бір-біріне тас лақтырғанын көруге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазалы ауданы полиция бөлімінде 2022 жылдың 1 қаңтарында төбелес орын алғанын мәлімдеді. Қазір бұзақылық дерегі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген.
"Полиция бөліміне ешқандай арыз келіп түспеді. Сонымен қатар аудандық ауруханаға ешкім медициналық көмекке жүгінбеді", – деді ведомстводағылар.
Қазір Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
"Оқиға орнынан полиция бөліміне 8 адам жеткізілді. Істің мән-жайы анықталып жатыр", – деді полиция департаментінде.
Қызылорда облысындағы жаппай төбелестің видеосы тарады. Кадрға ер адамдардың қолдарына таяқ алып, бір-біріне тас лақтырғаны түсіп қалған. Оқиға Қазалы ауданында болған. Полиция бөліміне 8 адам жеткізілген.
Ауған қараторғайлары торғайларды ығыстырып жатыр ма: Орнитолог құстар санының өзгеруіне не әсер ететінін айтты
Торғайлардың азаюына нақты майна себеп болып отыр деген қорытынды жасауға жеткіліксіз
"Алты қыздың ішіндегі жалғыз бала": Жамбыл облысында 14 жастағы оқушы мұғаліммен даудан кейін өлі табылды
Марқұмның туыстары 7 ай бойы үндемедік, дейді