Қызылорда облысында төтенше жағдай енгізу ұсынылды
Қызылорда облысында құрғақшылық пен мал азығының болмауына байланысты төтенше жағдай енгізілуі мүмкін. Арал ауданының әкімдігі ұсыныс жасады. Онда 500-ге жуық мал қырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Өлген жануарлардың өлекселері сараптамаға жіберілді, ал қалғандарын құтқару үшін жергілікті билік азық-түлікті төмендетілген бағамен жеткізуді ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Қазір билік тексеру нәтижелерін күтуде. Төтенше жағдайды жариялау үшін әртүрлі органдардың келісімін алу керек.
- Маңғыстау облысында аштықтан өлуге шақ қалған жылқылардың жантүршігерлік суреттері пайда болды
- "Үлкендігі жаңғақпен бірдей": Ақтөбе облысында қой-ешкілер бұршақ пен жаңбырға шыдамай қырылып қалды
“Біз есептедік: ауданымыздың малын азықтандыру үшін 7 520 тонна шөп қажет. 560 т әкелді. Бағаны төмендету үшін біз жеткізу шығындарын өз мойнымызға алуды жоспарлап отырмыз. Аз қамтамасыз етілгендерге азық тегін беріледі. Біз бұл шығындарды есептейміз”, – Арал ауданы әкімінің орынбасары Еркін Әбішев.
Бұған дейін дәл осы Арал ауданында қой қырылып жатқанын хабарладық.
Супермаркеттер желісі қазақстандық өндірістің макарон өнімдерін сөрелеріне қоюдан бас тартты
Сөзінше, Galmart супермаркетінің сатып алу бөлімі қазақстандық тауар премиум сапаға жатпайды деп макарон өнімін алмай қойған
2026 жылы қазақстандық жүргізушілердің айыппұлы қанша болады
Қазақстанда 2026 жылы айлық есептік көрсеткіш 4325 теңгеге өседі