Қызылорда облысында майор әйел пара алған жерінен ұсталды (видео)
Қызылорда облысында аудандық полицияның көші-қон қызметінің басшысы пара алды деп күдіктелуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі оның тұтқындалған сәтінің видеосын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі ҰҚК-ның Қызылорда облыстық департаментімен бірге Шиелі ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызметінің басшысының сыбайлас жемқорлыққа барғанын әшкереледі», - делінеді хабарламада.
Ведомство мәліметінше, көші-қон қызметінің басшысы Өзбекстанның 15 азаматын заңсыз тіркеп, көші-қон кәртішкесін біргені үшін, жеке кәсіпкерден 75 мың теңге пара алды деп күдіктеліп отыр.
Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы шешімді сот шығаратын болады.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"