Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында күріш өндірушілерге қатысты тергеу басталды

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қызылорда облысындағы күрішті өндірушілерге қатысты тергеуді басталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

күрішСтатистикалық деректерге сәйкес, Қазақстанда күріш бағасының өсуі 2022 жылы 36% болды. Қазіргі уақытта күріш бағасының өсуі жалғасып, жыл басынан бері – 5,2% құрап отыр.

Күріш өңдеуші өндірушілердің айтуынша, өсім шикізат бағасының өсуімен байланысты (шала-тазартылмаған күріш), өңдеуден кейінгі өзіндік құны мен ең төменгі жалақының өсуіне әкелген Осы нарықта күрішті өңдеп-өндіруші нарықтағы 20-дан астам субъекті жүзеге асырады. Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер судың аздығы (ҰСБ деректеріне сәйкес 10% - ға), тыңайтқыштарға, қосалқы бөлшектерге, ЖЖМ және т. б. бағалардың қымбаттауы себебінен күріштің егіс алқаптары қысқарғаны туралы айтуда.

Агенттік күрішті сатудың тауар нарығына талдау жүргізіп, оның барысында шикізат бағасының ең жоғары өсуі 2022 жылғы мамырда - 16% - ға, 2022 жылғы қыркүйекте 19% - ға төмендегенін анықтады. Сонымен қатар күріш өңдеуші-өндірушілердің қойған бағаның өсуі орта есеппен 25% құрады.

Қызылорда облысының өндірушілерімен күріш бағасын бір мезгілде ұстап тұру белгілері анықталғн соң оларға қатысты 6 хаттама толтырылып, тергеу басталды. Ал Солтүстік Қазақстан облысының күрішті көтерме сатушысы агенттік талабынан кейін бағаны 5% - ға төмендетті.

Талқылау