Қызылорда облысында коронавирусқа шалдыққандар жайлы деректер айтылды
Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған соңғы тіркелген науқастардың жайы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ауруға шалдыққан соңғы үш науқас Сырдария ауданында анықталды. Коронавирусқа жасаған сынама нәтижесінде олардың індет жұқтырғаны расталыпты.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы тұрақты. Хаттамаға сәйкес тиісті ем шаралары тағайындалыпты.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынып жатыр.
Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу әрекеттері мен зарасыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазір облыста COVID-19 коронавирусына тап болған 69 адам тіркелген. Қызылорда қаласында – 9, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 35, Сырдария ауданында – 4, Арал ауданында – 1 адам індет жұқтырған.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 700-ден асты.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі