Қызылорда облысында Илья Ильиннің ағасы мен өзге де шенеуніктер жемқорлық үшін істі болды
Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Илья Ильиннің ағасы Алексей Ильин мен өзге де спорт саласындағы шенеуніктер жемқорлық үшін істі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"27 мамырда Қызылорда облысында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Оспановқа қатысты сот шешімі шықты. Оған 5 миллион теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар облыстық мамандандырылған 5 мектептің директорларына 10 және 20 миллион теңгеге дейін айыппұл салынды. Олар: Жұмабаев, Ильин, Ақбергенов, Сексембаев пен Кикибаев", – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.
Жоғарыда аталған тұлғалар облыстың спорт мектептерінің қызметіне жүргізілген талдау бойынша оң шешім шығарғаны үшін тексеруші адамға 6,5 миллион теңге мөлшерінде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылған.
Көкжайлаудағы QR-код жұртты шулатты: Аумаққа кіру ақылы болып кетті ме
Ақы төлемегендерге 21 625 теңге айыппұл салынады
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген