Қызылорда облысында дәрігерлерге жұмыртқа лақтырған әйел жазаланды
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жуантөбе ауыл округінде дәрігерлерге жұмыртқа лақтырған жиынға қатысушыға айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, дәрігерлер екпеге қатысты түсініктеме беру үшін ауылға келген. Кездесу барысында кейбір азаматтар өз наразылықтарын білдірді. Шара соңында қатысушылардың бірі дәрігерлерге жұмыртқа лақтыра бастады.
"Аталған факті бойынша Шиелі аудандық сотында әкімшілік материал қаралды. Ұсақ бұзақылық жасаған азамат ҚР Әкімшілік кодексінің 434-бабының 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлайды Қызылорда облысы ДПП баспасөз қызметі.
Еске салсақ, осыған дейін Қызылорда облысында әйед адам дәрігерлерге жұмыртқа атқаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы