Қызылорда облысында әйел мектеп оқушысына мас болғанша ішімдік ішкізген
Қызылорда облысындағы ауыл тұрғыны жасөспіріммен бірге ішімдік ішкен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Қармақшы ауданында болған. Полицейлер Жосалы кентінде тұратын әйел кісіні 2004 жылы туған мектеп оқушысына алкогольдік ішімдік ішкізіп жатқан жерінен ұстады.
Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, құқық бұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 131-бабы - "Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзу" бойынша хаттама жасалды
Сотта ауыл тұрғыны кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінді.
Аудандық сот жас әйелге 20 АЕК (38 892 теңге) көлемінде айыппұл салды.
Сонымен қатар әйел кәмелетке толмаған адамды құқық бұзушылық пен басқа да қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға итермелеген адам ретінде де профилактикалық есепке алынды.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті