Қызылорда маңында ұшақ құлады
Қызылорда маңында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Оқиға 4 шілдеде сағат 07:00 шамасында Қызылорда қаласы Қарауылтөбе ауылынан 12 шақырым жерде болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Ан-2 ұшағы күріш алқаптарын өңдеу кезінде құлаған.
“Техникалық ақауларға байланысты ұшудан бірнеше шақырым өткен соң, мәжбүрлі қону кезінде ұшақ тікелей алаңға құлады. Ұшақта 1954 және 1967 жылғы екі ұшқыш отырған. Олар ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жағдайы қанағаттанарлық”, – делінген хабарламада.
Ұшақ "Илиса" ЖШС-не тиесілі болған.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?