Қызылорда, Маңғыстау облыстарын құрғақшылық күтіп тұр – Синоптиктер
"Қазгидромет" мамандарының болжамынша, мамыр айында жауын-шашын аз болады. Алайда құрғақшылықтың зардабын тартпайтын өңірлер де бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қатты қуаңшылық Қызылорда облысының Қармақшы және Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында күтіледі. Мамандар айдың аяғына дейін ауа райының қатты ыстық болатынын айтады. Дәл осы екі аудан былтыр да құрғақшылықтан зардабын тартқан еді. Соның кесірінен мыңдаған бас мал арам қатты. Кейбір аудандарда табиғи сипаттағы төтенше жағдай режімін жариялауға тура келді.
Биыл Маңғыстау өңірінде тағы төтенше жағдай енгізілді. Бұған малдың қырылуы емес, толастап жауған жауын-шашын себеп болды. Дегенмен қатты жаңбыр бұл аймақты құрғақшылықтан құтқармайын деп тұр.
Ал елдің өзге өңірлеріне келер болсақ, мамыр айында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында орташа құрғақшылық болады. Қалған облыстарда қолайлы ауа райы сақталмақ.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті