"Қызыл-Жар" сенсация жасап, Конференция лигасының үшінші кезеңіне өтті
Петропавл қаласының намысын қорғайтын "Қызыл-Жар" Конференция лигасының үшінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Хорватиядағы қарымта матчта 2:0 есебі тіркелді. Ойынның 62 минутында Гиорги Иванидзе есеп ашса, араға екі минут салып Мусса Коне таблодағы есепті еселеді.
"Астана Аренадағы" бірінші кездесуде хорватиялықтар 2:1 нәтижесімен жеңіске жеткен еді. Қос ойынның қорытындысы бойынша 3:2 есебі тіркеліп, "Қызыл-Жар" жарыстың келесі кезеңіне шықты. Осылайша өз тарихында тұңғыш рет еурокубок турнирінде бағын сынап жатқан солтүстік қазақстандықтар жеке көрсеткіштерін жақсартты.
Үшінші кезеңде 4 және 11 тамызда “Қызыл-Жар” кипрлық “АПОЭЛ”-ге қарсы ойын өткізеді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

