Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қызыл адвокат, биліктің адамы": Абзал Құспанға тіл тигізген саясаткерге қатысты іс қозғалды

Белгілі адвокат Абзал Құспанға қатысты “қызыл адвокат”, “биліктің адамы” деген пікір білдірген саясаткер Болат Әбіловтың үстінен іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Болат Әбіловтың өзі желідегі парақшасында біліскен. Ол әкімшілік жазаға тарту бойынша сот отырысының өтіп жатқанын хабарлады.

“Үзіліс кезінде сіздерге күні бойы сот отырысында болғаным туралы хабарлауды жөн көрдім. Судья онлайн режимінде "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 2-бөлігімен Әбілов Болат Мұқышұлына қатысты әкімшілік материалды қарайды. Сотқа арызданушы – Абзал Құспан, ол туралы 14 шілдеде Майдан арнасында YouTube арнасына берген сұхбатымда "қызыл заңгер" және "биліктің адамы" екенін айтқан болатынмын. Бұл 2022 жылғы қаңтар трагедиясын тергеу аясында айтылды”, – дейді Болат Әбілов.



Ақпаратты адвокат Абзал Құспан да растады. Ол сот отырысынан кейін мәселенің мән-жайын ашық айтаныны жеткізді. 

“Менің арызым бойынша сот отырысы өтіп жатқанын мәлімдеймін. Кейбір адамдар аузына ие бола алмай, әртүрлі сөздер айтады және өз сөздеріне жауап бергісі келмейді. Айттым ғой, жақын арада ойбайшыл бір саясаткер ойбайлап бастайды деп, ойбайламақ түгілі мамаласа да, енді заң құрығынан құтыла қоймас. Айтпақшы, ол менің тарапыма "биліктің адамы”, “қызыл адвокат” дегеннен басқа да сөздер айтқан. Бұл туралы сот шешімінен кейін жариялайтын боламын”, – деп жазды Абзал Құспан. 

Талқылау