Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызды қағып, қашып кеткен: Алматыда жалған нөмірмен көлік жүргізген жүргізуші іздестірілуде

Алматыда ақ Kia көлігінің жүргізушісі велосипедші қызды қағып, оқиға орнынан қашып кетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

жол көлік оқиғасы

Оқиға 4 сәуір күні Достық даңғылында болған. Триатлоншы-велосипедшілер тобы Медеуден келе жатты.

Жүргізуші велосипедшілерді көрместен, Достық жоғары бұрылыс жасады. Нәтижесінде қыз көліктің төбесіне ұшып, соққыдан жолдың жиегіне құлады.

Осыдан кейін оны жедел жәрдем алып кетті. Иегін тігіп, миы шайқалған деген күдікпен басқа ауруханаға жіберілді. Алдыңғы тістері де сынып қалған", – деді жәбірленушінің ағасы Алмас Ахметов.

KIA ақ көлігінің жүргізушісі әлі табылған жоқ. Зардап шеккен қыздың ағасы айтқандай, сол жерде көлікке жалған мемлекеттік нөмір орнатылғаны белгілі болды.

"Мұнда бейнекамералар көп. Көліктің артында номер жоқ. Бұл арнайы қызметтердің бірінің жедел қызметкерлері болуы мүмкін. Камераларға толы қалада жүргізушіні табу қалайша қиын? Мүмкін дәл осы күні "Сергек" жұмыс істемеді дейтін шығар", – деді ер адам Tengrinews сайтына.

ЖКО фактісін Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тіркеп, тексеруде.

"Автокөліктің Достық даңғылымен оңтүстік бағытта жүргені алдын ала анықталды. Қарама-қарсы жаққа бұрылу кезінде жүргізуші велосипедпен жүрген кәмелетке толмаған қызға соқтығысты. Қазіргі уақытта қыз ауруханада жатыр. Ол алған дене жарақаттарының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамалар тағайындалады. Сонымен қатар, ЖКО орнынан жасырынған жүргізушіні анықтау бойынша іздестіру-орнату іс-шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ іздестіру бөлімінің қызметкерлері қосылды", – деп хабарлады Алматы полициясының баспасөз қызметі.

Талқылау