Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қызды болғым келеді": Салтанат Бақаева төртінші баласының ұл екенін айтты

Төртінші сәбиін күтіп жүрген Салтанат Бақаева болашақ сәбиінің жынысын айтты. Әнші әрі актриса тағы да ұл күтіп жүргенін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.

Кәсіпкер Нұржан мен Салтанат Бақаева ет жақындарының басын қосып, жастар арасында сәнге айналған гендер-пати жасады. Баланың жынысын жарияламас бұрын, Бақаева өзгелердің болжамын білді. 

Актрисаның үлкен ұлдары тағы бір інішекті күтіп жүрсе, жары Нұржан қыз қалайтынын жасырмады. Салтанаттың өзі де бұрымдының анасы болғысы келетінін ашық айтты. 


"Картоп аршымаймын": Салтанат Бақаева қандай келін болғанын айтты


"Кімге болса да қуанамыз. Бірақ үш ұлдан кейін қызды қалаймын", – деп ағынан жарылды ол. 

Алайда Салтанаттың күтіп жүргені ұл болып шықты. 

"Мықты, 4 ұл", "Бастысы дені сау болсын, отбасыларыңыз үшін қуаныштымын", "Келінді қыздай көрсең, жұмақ есігі ашық. Лайым жақсы келін жолықсын", "Нұржан отбасында жалғыз ұл. Сол үшін Алла сендерге ұлдар сыйлап жатқан болар", – деп жылы лебізін білдірді оқырмандар.

Талқылау