Қыздарым "сүйікті әкем" дейді: Алтынай Жорабаева екі жас кіші күйеуін көрсетті (видео)
Алтынай Жорабаева көпшілікке күйеуін көрсетті. Әнші парақшасында күйеуі бой көрсеткен видеоны жариялады. Бұл көпшіліктің қызығушылығын арттыра түсті.
Алтынай Жорабаеваның екінші рет тұрмысқа шыққанын хабарлаған едік. Әнші сүйіктісінің өзінен екі жас кіші екенін айтқан еді. Өнер әлемінен алыс, әрі орыс мінезді жігіт деп атап өткен болатын. Енді көпшілікке күйеуі түскен видеоны жариялады.
Әншінің қыздары ата-анасына тосынсый жасады.
Олар ерлі-зайыптының төсегіне "сүйікті әкеме", "сүйікті анама" деп жазып қалдырған.
Қыздары екінші әкесін әке деп атап жүр. Мұны көріп желі қолданушылары сүйсініп жатыр.
"Адамның жақсысын ит пен бала таниды дейді ғой, бастысы балаларың ұнатса болды", "Сүйікті анама, сүйікті әкеме деп жазғандарынан-ақ араларындағы сыйластықты байқауға болады", "өз әкесіне айтпаған сөзді айтып жатыр", "Сіздерге тек бақыт тілеймін, бәрі жақсы болса екен", "Отбасылар бақытты болсын", - деп жазды олар.
"Менен жасы кіші": Алтынай Жорабаева екінші күйеуінің кім екенін өзі айтып берді