Қызанақ шырынының қан қысымына оң әсері анықталды
Америкалық дәрігерлер жаңа зерттеуінде тұзсыз қызанақ шырыны қан қысымын жақсартып, холестеринді төмендететінін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Зерттеуге сусынды бір жыл бойы тұрақты түрде тұтынып келген бірнеше жүз ерікті қатысты.
Сарапшылар қызанақ шырынының оң әсері жыныс пен жасқа байланысты емес екенін атап өтті.
Дәрігерлердің қорытындысына сәйкес, қызанақ немесе қызанақ өнімдері қан қысымын және холестеринді төмендетіп, жүрек-тамыр жүйесін нығайтуға көмектеседі. Қызанақтың құрамында каротиноидтар, А дәрумені және гамма-аминомай қышқылы сияқты көптеген биологиялық белсенді қосылыстар бар екені көрсетілген.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды