Қыз ұзатудың үстінен түскен: Алматыда тағы біреулер той ұйымдастырған
Алматыда карантин кезінде тағы бір той ұйымдастырғандар анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы арнасына сілтеме жасап.

Рейд жүргізген әкімдік қызметкерлері Бостандық ауданындағы Алмарасан шатқалындағы "Райский сад" мейрамханасында қыз ұзату шарасының үстінен түскен.
Видеода тексеріп жүргізгендерді көрген қонақтар медициналық маска таға бастағаны байқалады. Енді тойхана иесі қомақты айыппұл арқалап, ал тойға келгендер үйлеріне қайтарылыпты.
Айта кетейік, Қазақстан аумағында 5 шілдеде жарияланған карантинге байланысты жаппай адамдар жиналатын іс-шараларға тыйым салынған.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген