Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қыз алып қашу Италияда да бар". Жазира Байырбекова қазақ қызын итальяндыққа ұзатты

Әнші Жанболат Ербатыров өзінің Instagram-дағы парақшасында көпшілікті Италиядан келген құдалармен таныстырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Италиядан келген құдалар! Күйеу баланың есімі Лучано! Италия елінде де қыз алып қашу салт дәстүрі бар екенін білдік. Бұл елде де 200 немесе 300 адамға арнап той береді екен. Ең бастысы, екі жас бақытты болсын”, – деп жазба қалдырды.

Желіде жарияланған бейнежазбадан қазақтың қызын Жазира Байырбекова ұзатып жатқанын, шетелдік күйеу баланың қалыңдығын маңдайынан сүйіп күтіп алғанын көруге болады.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары қазақ қызының тағы бір шетелдікке кеткенін жазып, қапаланды.

“Бұл мақтанатын зат емес, ұят нәрсе”, “Қазақтың қара баласы жақсы еді ғой”, “Қыздың намысы жоқ”, “Енді жетпей тұрғаны осы еді “, “Қаңғыртып жібермесе болды”, “Салттан, әннен садаға кетсін”, “Аруларымыз осылай шетел асып кете бере ме?”, – деп жазды желідегілер.

 

 

Талқылау