Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимнің қашаннан бастап жұмыс істейтіні белгілі болды
Қытаймен визасыз режим ағымдағы жылдың 10 қарашасынан бастап жұмыс істей бастайды. Дәл осы күні визалық талаптардан өзара босату туралы келісім күшіне енеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандықтар Қытайға шекарадан өткен сәттен бастап 30 күннен аспайтын мерзімге, алты ай ішінде барлығы 90 күнге кіре алады.
"Құжатта екі елдің азаматтары жеке істер, туризм, емдеу, халықаралық тасымалдау, транзит, сондай-ақ іскерлік мақсаттар үшін екінші мемлекеттің аумағына кіру, шығу, транзитпен өту үшін визалық талаптардан босатылады. Мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге, 180 күнтізбелік күн ішінде, жалпы саны 90 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге тарапқа беріледі", – деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Айта кетейік, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытаймен визасыз режимнің қауіпті емес екенін түсіндірген еді.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген