Қытайлық вирус енді Таиланд елінде табылды
22 қаңтарда Таиланд мемлекетінің Денсаулық сактау министрлігі коронавирустың жаңа түрін жұқтырған жергілікті тұрғын бар екендігін растады. Аталған вирус 73 әжей азаматшаның бойынан табылыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Таиландтың БАҚ өкілдері хабарлады. Олардың мәліметінше, кейуана Нахон-Патом қаласындағы ауруханада ем қабылдап жатыр екен.
73 жастағы қария Ухань қаласына сапар шегіп, өткен жылдың соңына таман Таиландқа оралған. Жергілікті денсаулық сақтау басқармасы әйелдің қытайлық вирусты жұқтырып алғандығын растады
Қазіргі таңда Таиландта жұқпалы індет табылған төрт адам тіркелген: елдегі үш қытайлық турист пен бір тай азаматшысы өкпе қабынуына шалдығыпты.
Вирус табылған бір қытайлық турист ем қабылдап, ауруынан айығып, өз еліне қайтарылыпты.
Бұған дейін қытайлық індеттің АҚШ-қа жеткендігі жайлы айтылған еді. Аурудан көз жұмғандардың саны бүгінгі күні 9 адамды құраса, ауруды жұқтырғандардың саны 440-тан асыпты.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған