Қытайда індеттен көз жұмғандардың саны тоғызға жетті
Қытайда таралып жатқан вирус тудыратын дерттен көз жұмғандардың саны тағы да артты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жұқпалы аурудан опат болғандардың саны тоғызға жетіпті. Бұл туралы АҚШ-тың Associated Press денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық комиссия мәліметіне сүйене отырып мәлімдеді.
Марқұм болғандардың барлығы Хубэй провинциясына жақын маңда тұрған азаматтар көрінеді. Ең алғаш вирус осы аймақтан табылған.
Ауруды жұқтырғандардың саны 440-қа жетіпті.
Бұған дейін қытайлық індеттің АҚШ-қа жеткендігі жайлы айтылған еді.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған