Қытайлық компаниялар Қазақстанның бірнеше қаласында қонақүйлер мен ойын-сауық кешенін салмақ

Қазақстанда туризм саласындағы ең ірі инвестициялық үш жоба қытайлық компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте туризм индустриясы комитетінің төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжанов қытайлық инвесторлардың Қазақстандағы туризм саласына қызығушылық танытып отырғанын өтті.
Қытайлық компания Қазақстандағы ең ірі газ кен орнын игермек
"Инвестиция 2,2 миллиард доллар": Қазақстан Қытаймен бірлесіп үш электр станциясын салатын болды
Қытайлық компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан жобалар арасында: Шымкенттегі Hilton қонақүй кешені (30 миллиард теңге), Астанадағы Гонконгтің Mandarin Oriental желісінің жаңа қонақүйі (300 миллиард теңге) және Қонаев қаласындағы "Жібек Жолы" ойын-сауық кешені (53,3 миллиард теңге).
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанға көп саяхаттап келетін елдердің тізімі белгілі болған еді.
Қазақстандық ер адам Көк төбедегі қымбатшылыққа шағымданды: Саябақтың иесі кім және неліктен бағалар жоғары?