Қытайлық компаниялар Қазақстанда мұнай өндіру бойынша аукционда жеңіске жетті
Фото: Видеодан скрин
Қытаймен байланысты компаниялар Қазақстандағы көмірсутек шикізатын өндіруге арналған аукционда жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша өткен электронды аукционның нәтижесінде төрт көмірсутек учаскесінің иелері анықталды. Аталған учаскелердің жартысына жуығы Қытайдың заңды және жеке тұлғаларымен байланысы бар компанияларға өтті.
Мұнай барлау және өндіру жұмыстары Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Жетісу және Алматы облыстарында жүзеге асырылады. Сонымен қатар бес учаске бойынша аукцион өткізілмеген деп танылды.
Айта кетейік, бұған дейін Сарапшылар "қара алтынсыз" Қазақстанның болашағы қандай боларын болжаған еді.
IT мамандығын бітіріп, аяқкиім тазалаумен айналысады: 23 жастағы қазақстандық айына миллиондарды қалай тауып жүр
IT мамандығын меңгерген жас кәсіпкер аяқкиім тазалаудан бизнес құрды
Қазақстандықтар брендтердің "қара тізімін" жасады: Кімге және не үшін бойкот жарияланды
Жазба астындағы пікірлерде Jah Khalib есімі көп кездеседі