Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайтыс болған әйелін қайта тірілтпек болған ер азамат оның денесін 50 жыл бойы мұздатқышта сақтап келген

Қытайдың Шаньдун провинциясының тұрғыны болашақта қайта тірілту үмітімен өкпенің қатерлі ісігінен қайтыс болған әйелінің денесін мұздатқышта сақтап келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Гу Джунминның (Gui Junmin) 49 жастағы әйелі Чжан Вэнлян (Zhan Wenlian)  өкпе обырымен ауырған. Ол қайтыс болған кезде, Джунмин әйелінің денесін криогендік аязбен сақтауды ойлайды.

Осы ойын әбден зерттегеннен кейін қытайлық әйелінен мұндай рәсімге келісетіндігін сұрады. Осы кезде қатерлі ісік Вэнлянның миына таралған. Ол сөйлеуден қалып, бет бұлшықеттерін басқара алмайтындай болады. Күйеуі келіскен жағдайда қолын қысуды өтініпті.

"Әрине, ол келісті. Әйтпесе, ол менің қолымды ұстамайтын еді", - деді күйеуі.

Джунмин әйеліне: "сәл ғана ұйықтауыңыз керек", - деді.

Венлянның жүрегі 2017 жылдың 8 мамырында тоқтады. Мамандар дереу денесін мұздату үшін 55 сағаттық операция жасады. 50 жыл бұрын оны криогендік резервуарға салмас бұрын, күйеуі оған соңғы рет қарап алған. Ол құдды ұйықтап жатқандай көрініпті.

Криогенді мұздатуға арналған резервуар екі мың литр сұйық азотпен толтырылады. Ол минус 196 градус температураны сақтайды. 

Талқылау