Ару өзін тастап кеткен жігіттің есігіне бір тонна пияз жеткізді
Қытайдың Шаньдун провинциясында қыз бұрынғы жігітінен кек алу үшін айла тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Ол жігіт үшін бір тонна пиязға тапсырыс берді.

Тапсырысты рәсімдеу кезінде қыз нақты шартты көрсеткен: курьер адресаттан тауарды қабылдамауға немесе оны қайтаруға құқылы болмаған.
Курьер пиязды жүк көлігінен жігіттің үйіне бірнеше сағат бойы тасуға мәжбүр болды. Сәлемдеме хатта: қыз жас жігітпен айырылысқанда қатты жылағанын, ендігі кезек жігітке келгендігін жазған.
Жас жігіт болса, көз жасын төкпей, пиязды сатып, ол үшін 1000 юань (шамамен 140 доллар) тапты.
Жігіттің көршілері де қыздың кек алуына наразы болды, өйткені кіреберісте пияздың иісі тарап кетті.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті