AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қытайға баратын көліктер көбейген": Қазақстан мен Қытай шекарасында жүк көліктерінің ұзын-сонар кептелісі пайда болды

Қытай мен Қазақстан шекарасындағы "Алакөл" кеден бекетіндегі көліктер кептелісі бірнеше шақырымға созылған. Мұнда қазір 500-ден аса жүк көлігі тұр. Ал Жетісу облысы әкімдігінің мәліметінше, Қытайға баратын көліктер көбейгендіктен, шекарада осындай кептеліс туындаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

кептеліс

Қазір шекарада Қазақстаннан бөлек, Ресей мен Беларусь елдерінің жүк көліктері де бар екен. Кеден бекеті күніне 160 жүк көлігін ғана өткізе алады, алайда қазір тәулігіне 300-ге жуық көлікті рәсімдеп жатыр. Сонымен қатар құрамында жауапты орган өкілдері бар жедел штаб құрылған. 

Жергілікті билік кептеліс мәселесін тезірек шешуге уәде берген. Ал мұндай жағдай келешекте қайталанбауы үшін кезек электронды түрде жасалуы да мүмкін.

"Жұмыс режимін өзгерту туралы шешім қабылданды. Бұрын таңғы 08:00-ден кешкі 17:00-ге дейін жұмыс істесе, қазір жұмыс уақыты 3 сағатқа ұзарды. Яғни кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейміз", – деді Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Баймолдинов. 

Ал қызметкерлер саны 40-қа дейін көбейген. Мәселе жаңа өткізу бекеті салынған соң толығымен шешіледі. Бекет құрылысы 2023 жылы аяқталады деп жоспарланған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр