Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдан Қазақстанға тағы бір туристік пойыз қатынайды

Қазақстан мен Қытай арасында тағы бір жолаушылар пойызы жүреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: railgallery.ru

"Қазақстан Теміржолы" компаниясының хабарлауынша, "Жолаушылар тасымалы" басшылары және Сиань қаласы үкіметінің делегациясы қызметтік кездесу барысында Сиань қаласынан Алматыға халықаралық туристік жолаушылар пойызын іске қосуды ұйымдастыру мәселелерін талқылады.



Туристік пойыздың жүруі "Үрімші – Алматы-2" қатынасындағы №103/104 жолаушылар пойызының кестесі бойынша Қорғас-Алтынкөл шекаралық өткелі арқылы жүзеге асырылады.

Пойыз Алматы-2 станциясында бірнеше күн болады. Осы уақытта қазақстандық тарап жолаушылар үшін теміржол вокзалында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етіп, мәдени шараларды ұйымдастыруға жәрдемдеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанға қытайлық автокөліктердің импорты артып жатқаны туралы хабарлаған едік. Биыл қаңтар мен ақпан айларында елімізге Қытайдан 10,1 мың автокөлік әкелінген. 2023 жылдың осы айларымен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есе көп.

Талқылау