Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда жарқанаттан коронавирустың жаңа түрі табылды

Қытайда жарқанаттардан COVID-19-ға ұқсас жаңа коронавирус табылды. Вирус алғаш рет Гонконгтағы жапон жарқанаттарынан (тегіс мұрынды жарғанаттар тұқымдасы) шыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Sakchai Lalit / AP

Ғалымдардың айтуынша, HKU5-CoV-2 деп аталатын вирус адам жасушаларын ACE2 ақуыздары арқылы зақымдайды. Бұл вирус HKU5 коронавирусының жаңа тегі. 

Зерттеу Гуанчжоу зертханасында Қытай ғылым академиясының Гуанчжоу филиалының, Ухань университеті және Вухан вирусология институты мамандарымен бірлесіп жүргізілді. 



"Біз тек жарқанаттағы (мембраналық ақуызды) ACE2 ғана емес, адамның ACE2 және әртүрлі сүтқоректілердің ACE2 ортологтарын пайдаланатын HKU5-CoV нақты тегінің (2-ші тегі) табылғаны және оқшауланғаны туралы хабарлаймыз”, – дейді вирусологтар.

Зерттеушілер жарқанат үлгілерінен бөлінген вирус адам жасушаларын зақымдануы мүмкін екенін айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін Мамандар жаңадан тараған метапневмовирустың қаупі туралы айтқан еді. 

Талқылау