Қытайда маймыл вирусынан алғашқы адам өлімі тіркелді
Қытайда екі приматқа зерттеу жүргізген мал дәрігері маймыл В вирусынан қайтыс болды. Осылайша аспан асты елінде маймылдардың В вирусынан алғашқы адам өлімі тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Global Times-қа сілтеме жасап.

Зерттеулер ветеринардың маймылдардың В вирусын (BV) жұқтырғанын растады. Бұрын Қытайда бұл инфекциядан өлім немесе инфекцияның клиникалық айқын жағдайлары белгілі болған емес.
Ветеринардың туыстарын тексеру кезінде олардан атаулы вирустың белгілері анықталмаған.
1932 жылы белгіленген вирус маймылмен тікелей байланыста және дене секрецияларының алмасуында жұғады. Бұл вирустан қайтыс болу деңгейі – 70-тен 80 пайызға дейін. Қытайда қазірдің өзінде зертханалық макакаларды бақылауды күшейтуге, сонымен бірге ветеринарларды қорғауға шақыруда.
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған