Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда лай көшкіні жүріп, 28 адам із-түссіз жоғалып кетті (видео)

Қытайдың оңтүстік-батысында жойқын көшкін болып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Синьхуа басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: x.com/@qiuxiansheng666

Қытайдың оңтүстік-батысында көшкіннен бір адам қаза тауып, екі адам жараланып, 28 адам із-түзсіз жоғалып кетті.

Табиғи апат 8 ақпан күні сағат 11:50-де Ибинь қаласы Цзюньлянь уезінде орналасқан Цзиньпин ауылында болды. 95 үйден 360 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Уақытша қоныстандыру орталықтары құрылып, онда 162 адам тұрып жатыр. 

Провинция құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 949 қарулы полиция, өрт сөндіру, құтқару қызметкерлері мен көлік, медицина, телекоммуникацияны жұмылдырды.

Көшкін болған жерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 200-ден астам арнайы техника мен авариялық-құтқару техникасы экскаваторлар, өрт сөндіру және жедел жәрдем көліктері жұмылдырылды.

Оқиға орнында 10 аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Талқылау