Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда коронавирусты емдейтін аурухана құрылысы 10 күнде салынып бітті (видео)

Қытайлық індеттің ошағына айналған Ухань қаласында коронавирус инфекциясын емдейтін аурухананың құрылысы бітті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

аурухана

Емхана ғимаратының құрылысына небәрі 10 күн жұмсалыпты. Бұл орталықта қытайлық коронавирусты емдеу ғана жүзеге асырылады. 

Бүгіннен бастап "Хошэньшань" госпиталі науқастарды қабылдауды қолға алыпты. Медициналық орталыққа бір уақытта 1000 адам сыйып, 1,4 мың әскери дәрігерлер жұмыс істейді деп жоспарланған. Жергілікті БАҚ өкілдері таратқан бейнежазбаларға сәйкес аурухана екі қабаттан тұрады екен.  

Ғимарат құрылысы 23 қаңтар күні басталып кеткен. Екінші аурухана 6 ақпаннан бастап жұмыс жасайды.

Еске салайық, арты өлімге алып келетін дерт осымен 361 адамның өмірін жалмаған. Қазірдің өзінде ауруды жұқтырғандардың саны 17 мыңнан асқан. 

Бұған дейін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі коронавирус сараптамасы қалай жүргізілетіндігі жайлы мәлімдеген. 

 

Талқылау