Қытайда қатерлі тайфун дауылы соқты
Қытайдың Ұлттық метеорологиялық орталығы осы жылы Қытайда төртінші рет болған Хагупит тайфуны елдің шығысындағы Чжэцзян провинциясына соққы берді деп хабарлайды.

Орталықтың хабарлауынша, эпицентрде желдің максималды күші сағатына 136,8 шақырымға жеткен.
Қытайда ауа-райы туралы төрт деңгейлі ескерту жүйесі бар, онда қауіп көк пен сарыдан қызғылт сарыға және қызылға дейін артады.
Ауа-райы орталығы 3 тамызда таңғы сағат 6-да тайфун туралы ескертуін сарыдан қызғылт сарыға ауыстырды. Болжам бойынша, тайфун солтүстікке сағатына 20-25 шақырым жылдамдықпен қозғалады, содан кейін ол әлсірей бастайды, 5 тамызда елдің солтүстік-шығысына дейін жетеді.
Бұған дейін Жапонияның оңтүстік-батысындағы үш префектурада нөсердің салдарынан 50 адам қаза тапты, тағы 11 адам хабарсыз кетті деп хабарланған болатын.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”