Қытайда кафеде тамағын тауысып ішпеген клиенттерге айыппұл салынбақ
Енді Қытайда кафеде тамағын тауысып ішпеген клиенттерге айыппұл салынуы мүмкін. Бүкілқытайлық Халық өкілдері жиналысының тұрақты комитеті тамақ қалдықтарымен күрес туралы заң қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа заңға сәйкес, тамақтану провайдерлері артық тамақ қалдықтарын тастаған тұтынушылардан кәдеге жарату төлемін ала алады. Айыппұлдың қаншалықты үлкен болатыны және өндіріп алу қалай жүретіні әлі белгісіз.
"Заң тамақ қалдықтарын анықтайды және жобаның орындалуын бақылайтын жауапты органдарды тағайындайды", — деді комиссияның өкілі Занга Тевейя.
Жалпыұлттық далалық зерттеулерге негізделген есепке сәйкес, Қытайда жыл сайын шамамен 18 миллиард килограмм тамақ қалдықтары шығарылады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі