Қытайда Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Қытайдың оңтүстігінде China Eastern компаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Әзірге апаттың мән-жайы мен жапа шеккендер жайлы ақпарат нақтыланып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұшақ Куньминнен Гуанчжоу қаласына MU5735 рейсін орындаған. Қазір ұшақтың тауға құлағаны белгілі. Қытай телеарналарының бірінде көрсетілген кадрдан тау арасынан шыққан ақ түтінді көруге болады. Апат Гуанси-Чжуан автономды ауданындағы Учжоу қаласының маңында орын алған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ бортында 132 адам болған: 123 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі.
Шымкенттегі алып қашу оқиғасы: Жігіттің туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берді, ал қыз оны жоққа шығарып отыр
Қыз өзі келіп6 адам ұрлау фактісімен арыз жазды
Қазақстандық ер адам қолына бұрауыш тығып алып, көз жұмды: Туыстары дәрігерлердің салғырттығына шағымданды
Ер адам ауыр жарақат алғаннан кейін Ақтөбе медициналық орталығына жүгінген