Қытайда 6 жыл бойы үңгір түбінде өмір сүрген ит құтқарылды
Қытайда 50 метрлік үңгірдің түбінде 6 жыл бойы жатқан ит құтқарылды. Осы жылдар бойы жануарға тұрғындар үңгір қиылыстарының көптігі мен тереңдігі салдарынан көмектесе алмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қытайдың оңтүстігіндегі Юньнань провинциясындағы ауылда кішкентай күшік тереңдігі 50 метр шұңқырға құлап кеткен. Жергілікті тұрғындар оны 6 жыл бойы шығарып алуға тырысқанымен, еш нәтиже болмаған.
Үңгір айтарлықтай ұзын және ерекше рельефті болған, деп жазады РИА Новости.
Ұзақ уақыт бойы адамдар тамақты жоғарыдан тастап отырған. Ал суды ит жерасты бұлақ көзінен ішіп жүрген.
- Өзге ғаламшарлық екенін мәлімдеген: Ер адам денесіне тұтастай тату салып, мұрнын, құлағын, саусағын кестірді
- Адамдар төрт көзі мен екі аузы бар бұзауға жаппай табынып жатыр
Қараша айының басында бұл оқиға қытайлық ғаламторда үлкен резонанс тудырып, жұртшылықтың назарын аударды. Айдың ортасында құтқарушылар ауылға жеткенімен, қиындықтарға тап болды. Өйткені осыншама жыл адам көрмеген ит шошып, жыраға тығылып қала берген. Ал ол жерден ит құлап кетуі мүмкін еді, сондықтан шығара алмаған.
Құтқару операциясы басталғаннан кейін екі апта өткен соң, 29 қарашада итке тамақ беріп шақырып, жер бетіне алып шыққан. Ит ветеринарлардың бақылауында.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
