Қытайда 127 миллионнан астам адамның өміріне су тасқыны қаупі төніп тұр
Қытайдың Гуандун провинциясында ірі өзендердің арнасынан асып кетуі су тасқынына әкелуі мүмкін. 127 миллионнан астам адамның өміріне қауіп төніп тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Синхуа
Синоптиктер Сицзян және Бейцзян өзендерінің деңгейі қауіпті деңгейге жақындап қалғанын ескертті. Оның үстіне мұндай су тасқыны өте сирек болады.
Гуандун провинциясындағы (Оңтүстік Қытай) гидрологиялық станциялар бұл провинциядағы 20-дан астам өзен суының арнасынан асу қаупі жоғары екенін хабарлады, деп жазады Синьхуа агенттігі.
Гуандун провинциясының су ресурстары басқармасының хабарлауынша, жексенбі күні сағат 16.00-де провинциядағы 24 өзеннің 38 гидрологиялық станциясындағы су деңгейі ескерту деңгейінен асып кеткен.
Толассыз және ұзаққа созылған жауын-шашын салдарынан Бейцзян өзенінің төменгі ағысында су деңгейі күрт көтеріліп, қатты су тасқыны болатыны ескертілді. Құтқару жұмыстары қазірдің өзінде жүргізіліп жатыр.
Гуандун провинциясының метеорологиялық орталығы алдағы аптада Гуандун провинциясында жаңбыр жауады деп болжайды.
Соңғы мәліметтер бойынша, толассыз жауған жауын салдарынан 11 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
Жергілікті билікке табиғи апатқа дайындықты алдын ала бастап, құрылыс материалдарын, орналастыру орындарын, ауыз суды алдын ала дайындау тапсырылды.
Цинюаньда (Гуандун провинциясы) қазірдің өзінде 20 мың адам эвакуацияланғаны хабарланды. Чжаоцин қаласында электр қуаты үзіліп жатыр.