"Қытай мен Кореяға сапар жасалды": Министр елдегі АЭС құрылысына дайындық туралы айтты
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәжіліс кулуарында Қазақстанда атом электр станциясының құрылысына дайындық жөнінде айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Министрдің сөзінше, АЭС құрылысына қатысты алдымен елде үкімет жанындағы комиссия құрылады.
“Алдын ала кеңес алу жұмыстары басталды, Қытай мен Кореяға сапар жасалды. Біз ықтимал вендорлардан жауап алғымыз келетін бағыттарды талқылаймыз. Соның ішінде құрылыс бағасы мен құрылысты мерзімінде аяқтауға кепілдік беруі бар. Бюджет аясында бірінші кезекте қауіпсіздік мәселесі, әлеуметтік пакет, қаржыландыруға және өндірістік отынды оқшауландыруға қатысты мәселелер қаралады. Осы диалог барысында үкіметтік комиссия үкімет басшылығына арналған ұсынысын әзірлейді. Әрі қарай ұсыныс президент жанындағы энергетикалық кеңесте қаралады. Шешім нақты сараптама қорытындысы бойынша қабылданады”, – деді Сәтқалиев.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”