Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай ғалымдары коронавирустың қалай пайда болғанын тағы жасырып қалды

Әлем ғалымдары Қытай билігін коронавирустың пайда болуы туралы деректі жасырғандары үшін айыптап отыр. Енді уақыт өте қытайлықтар тұңғыш рет ғылыми басылымда бұған қатысты зерттеу жұмысын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

коронавирус

Қытай халық республикасының "аурулардың алдын алу және бақылау орталығының" (CDC) ғалымдары алғаш рет рецензияланған журналда Covid-19 шығу тегі туралы ғылыми зерттеулерін жариялады. Зерттеу нәтижесінде вирус үлгілерінен "жабайы жануарларға" тән генетикалық материал табылған.

Белгілі болғандай, ғалымдар 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында базардан коронавирустың шығу тегін анықтау  үшін 1 400-ге жуық сынама алған. Осылайша, жабайы жануарларды заңсыз сататын базардағы 73 сынамадан коронавирус белгілері анықталған.

Бейжің патогендік биология институтының докторы Лили Рен журналда ракон тұқымдас иттерді, жабайы жануарлардың індетті тасымалдауға бейім екенін жазған. Десе де, авторлар әлі нақты мәлімдеме жасауға асықпай отыр. 

Ғалымдардың айтуынша, базардан алынған сынамаларды негізге алу жеткіліксіз. Сөйтіп, Covid-19-дың шығу тегі тағы белгісіз күйінде қалды.

"Біздің зерттеуімізден алынған дәлелдер бұл гипотезаны нақтылау үшін жеткіліксіз.  Зерттеуімізде Ракон иттерінен "SARS-COV-2" болғаны айтылады. Алайда, бұл сынамалар вирустың жануарлардан бізге жұққанына дәлел бола алмайды. Сонымен қатар жануарлардан бізге жұқққан болса, керісінше, адамнан жануарға да жұғуы мүмкін екенін ескертеміз, – делінген зерттеуде.

Әлемнің бірқатар сарапшысы қытайлықтардың деректі бұрмалап, "түлкібұлаңға" салып отырғанын айтады. 

"Ең бастысы, бұл маңызды деректер жинағы ашық жарияланды және оны басқалардың қарастыруы, талдау жасауға және сынама алуға әрқашан жол ашық", — дейді Американың ұлттық барлау директоры Аврил Хайнс.

Аврил Хайнстың айтуынша, сынамалардың нәтижесінен-ақ, адамдар коронавирусты базардағы жануарлардан жұқтырғаны дәлел бола алады.

"Егер сіз бұл деректерді Уханьдағы Covid-19-ның әп дегенде шыққан жағдайымен салыстырсаңыз, бір шикіліктің бар екенін түсінесіз. Әрі вирустың таралу аймағына қарап-ақ жануарлардан жұққанын пайымдауға болады", – дейді Аврил Хайнс ВВС арнасына.

Талқылау