Қытай ғалымдары: Карантинді тоқтату екі миллион адамның өліміне себеп болады
Қытай ғалымдары әлем халқының 95% вакцинацияланса да карантиндік шараларды тоқтататын болсақ, жылына 2 миллион адамның өліміне себеп болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Егер бұл қоқынышты мәлімдеме шындыққа айналатын болса, жыл сайын 230 миллионнан астам вирус жұқтырылады. Нәтижесінде адам шығыны көп болмақ.
Вирустың алдын алудың бірден бір жолы қазіргі вакциналарға қарағанда, күштірек өнім шығару. Әзірге Қытай көптеген елдерге қарағанда қатаң санитарлық шектеулерден бас тартуға дайын емес. ҚХР "covid-ке нөлдік төзімділік"деп аталатын жалғыз ірі экономикалық ел. Бейжіңде олимпиада ойындарының өтуіне байланысты қазір бұл елде қатаң санитарлық талаптар басты назарда.
Қытай ғалымдарының бұл болжамын әлемдік сарапшылар “тым пессимисттік” деп бағалады. Австралиядан келген профессор Джая Дантастың айтуынша ҚХР зерттеушілері үкіметтің қатаң карантиндік саясатын негіздеу үшін деректерді әдейі жалған берген.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр