Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай билігінің не себепті Джек Маға тісін қайрап отырғаны белгілі болды

Қытайдың Alibaba компаниясының негізін құрған Джек Мамен қарсыласуының себебі келіссөздерден түсетін қаражатты алушы жайлы жүргізілген зерттеу болуы мүмкін. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Басылым мәліметінше, түскен қаражатқа ие болғандардың қатарында Қытайдың қазіргі билігіне жақпайтын адамдар болған. Яғни, егер Alibaba биржаға шығатын болса, онда Джек Маға ғана емес, одан бөлек бірқатар ұйым басшыларына пайда түсуі мүмкін болған. Бұл ұйым басшыларының арасында Қытайдың бұрынғы басшысы Цзян Цзэминьнің немересі Цзян Чжичэн бар көрінеді. 



Айта кетейік, бұған дейін Қытай билігі ҚХР төрағасы Си Цзиньпин атынан Alibaba негізін қалаушы, елдегі ең бай адамдардың бірі саналатын Джек Маға соғыс жариялағаны белгілі болған еді. Көпке дейін халық алдына шықпай кеткен Alibaba басшысы құрдымға кетті деген нұсқалар да айтылған. 

Талқылау