Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джек Ма құрдымға кетті

Alibaba негізін қалаушы, Қытайдың ең бай азаматтарының бірі Джек Ма Шанхайда сөйлеген сөзінен кейін көпшілік алдына шықпай кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

Daily Mail газетінде Қытай билігімен қатынас шиеленіскен жағдайда Ма әлеуметтік медиада белсенділік танытпайтынын жазылған. Оның жеке твиттер-парақшасында соңғы жазба 10 қазанда, ал қайырымдылық қорының парақшасында 30 қарашада жарияланған. Бұған дейін кәсіпкер, күніне бірнеше твит жазатын еді.

The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, ҚХР билігі Alibaba Group қаржылық органы Ant Group-ты бөлуге мәжбүр етіп, Маның бизнесіне бақылауды күшейтпекші.



Егер оның бизнесі ыдырайтын болса, онда мемлекет бөлінген компаниялардың бірін сатып ала алады. Сол арқылы мемлекет Маның бизнесіне араласуға мүмкіндік алады және қадағалауын күшейтеді.

Басылымы мәліметінше, Қытай билігі танымал кәсіпкерге ашық сес көрсетуден аулақ. Себебі технологиялық жағынан беделі бар тұлғаға қарсы шығу Бейжіңнің ұстанатын саясаты емес, деп келтірді шетелдік басылым.

Талқылау