Қытай билігі мыңдаған азаматты криптовалютамен операция жасағаны үшін қамауға алды
Қытай полициясы мыңнан астам адамды қамауға алды. Олар қылмыстық әрекеттер нәтижесінде алынған ақшаны жылыстату үшін криптовалюта операцияларын қолданды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақша негізінен телефон және интернет-алаяқтық арқылы алынған. Барлығы 170 қылмыстық топтың мүшелері қамауға алынды. 1,5-5 пайыздық комиссия үшін олар криптовалюта биржалары арқылы ақшаны цифрлық валютаға аударды.
Бұған дейін Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округінің билігі 9 маусымнан бастап кеншілердің қызметін тоқтатуды талап еткен болатын. Мамыр айында ҚХР билігі тау-кен өндірісі мен криптовалюта саудасымен күресу қажетін жариялап, саланы қатаң реттеуге шақырды.
Осыған байланысты елде BTC.TOP және HashCow криптовалюта өндіру компаниялары жұмысын тоқтатты. Huobi биржасы да цифрлық валютаны өндіруді тоқтата тұру және материктік Қытай клиенттеріне қызмет көрсету туралы жариялады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"