Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай басшысы Қазақстанның ішкі істеріне араласқандарға қарсы тұратынын мәлімдеді

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин алдағы мемлекеттік сапары аясында отандық бұқаралық ақпарат құралдарына арнап жазған авторлық мақаласын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ақорда

“Қытай тарапы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға, өз бетімен таңдап алған даму жолын ұстануға, мемлекеттің гүлденуіне қажет ішкі және сыртқы саясатын іске асыруға бағытталған күш жігерін қолдаудан айнымайды. Қазақстанның ішкі істеріне киліксе, кімге болса да қарсы тұрады”, – деп мәлімдеді Қытай төрағасы.

Кейінгі он жылда Си Цзиньпин Қазақстанға бесінші мәрте келіп отыр. Бұл – екі ел арасында ынтмақтастықтың нығайып келе жатқанының көрінісі. Былтыр Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда саттық 41 миллион долларға жеткен. 2022 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 30% өскен. Ендігі мақсат – тауар айналымын 100 миллиард долларға жеткізу. 

Сарапшы Айдос Құрмашевтың айтуынша, инвестициялық жобалар қарқынды түрде өсіп жатыр. 45-тен астам инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқан көрінеді. Бас-аяғы Қазақстанға 25 миллиард доллардан астам қаржы құйылған. 

“Енді Транскаспий көлік дәлізін дамытуға күш салынады. Себебі жоба екі ел үшін де маңызды және Қытай өндірген тауарларын Қазақстан арқылы Еуропаға тезірек жеткізуге мүмкіндік алады. Сәйкесінше, біздің ел логистикалық хабқа айналғалы отыр. Айтуынша, осы жобаны экономикалық әлеуметті арттырудың амалы есебінде қарастырып, жол бойында отандық кәсіпорындар құруымыз қажет”, – дейді Айдос Құрмашев.

Қытай төрағасының Қазақстанға сапары аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, бірқатар маңызды құжатқа қол қойылмақ.

Бас сарапшы Әлішер Тастеновтың айтуынша, визасыз режимнің енгізілуі екі ел арасындағы сенімнің көрінісі. Ол Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық тек экономикалық байланыспен шектелмейді дейді.

“Көрші ел төрағасының келуі – тарихи оқиға. Өйткені бұл сапар екі тарап үшін де үлкен мүмкіндіктерге жол ашпақ. Сондай-ақ кедендік рәсімдер жеңілдегелі қытайлықтардың дастарханында Қазақстанның сапасы жоғары, экологиялық таза өнімдері көбейгенін айтып отыр. Қытай төрағасының айтуынша, енді екіжақты ынтымақтастықта жаңартылатын қуат көздері мен көлік инфрақұрылымы саласының әлеуеті зор”, – дейді бас сарапшы.

Талқылау