50 гигабайтты 1 секундта жүктейді: Қытай 6G желісін сынап көрді

Фото: Istock.com
Қытай 2028 жылдан бастап жаңа ультра жылдам интернетті шығаруды бастауы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
China Mobile ресми түрде әлемдегі алғашқы алтыншы буын желісі — 6G іске қосылғанын жариялады. Пилоттық аймақта он базалық станция орналастырылды. Бұл әлі коммерциялық оқиға емес, ғылыми жоба, бірақ нәтиже әсерлі.
Деректерді тасымалдау жылдамдығы 280 Гбит/с жетті. Бұл 5G-ден 14 есе жылдам. 50 гигабайтты небәрі 1,4 секундта жүктеп алуға болады. Кабельге қарағанда жылдамырақ.
China Mobile 6G бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарына 5,4 миллиард доллардан астам инвестиция салып, бірден төрт негізгі ұлттық жобада жетекші орынға ие болды. Компания болашақ желіге арналған 10 стратегиялық технологияны анықтады.
Қытайда 6G кең ауқымды енгізу 2028 жылдың басында басталуы мүмкін.
Шетелге ұшқан қазақстандықтың багажынан құны 3 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымы ұрланған: Мұндай жағдайда тап болмас үшін не істеу керек
Жолаушы: "Чемоданды ақтарғандары сонша ішінде біреудің жапсырмалы тырнағы түсіп қалған"
Қазақстанда ресейліктер, белорустар және қырғызстандықтар үшін азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібі тоқтатылды
Жеңілдетілген тәртіппен қабылдау 2026 жылғы 10 сәуірден бастап тоқтатылған