"Кітап жазып шығамын": Мақпал Исабекова желіде жан сырын ақтарды
Отандық шоу-бизнес өкілі, әнші Мақпал Исабекова басына түскен сынақты еңсеріп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Өнер иесі өміріндегі қиын кезеңге жолдасының қатысы жоқ екенін ашып айтты.
“Бүгінде өмірімде болып жатқан жайттар туралы кейін кітап жазып шығарамын. Бұл төзімді тексеретін сынақ болар. Оны сүрінбей өту үшін ақыл мен күш-қуат бере гөр, құдайым. Мен өмірімнің бұл кезеңін кванттық серпіліс ретінде мәңгі есімде сақтап қаламын. Әзірге балаларым үшін барымды салып, еңсеріп келе жатырмын. Бұдан көбірек айтқым келсе, бәрін ашық айтар едім. Бұл өмірде мәселенің барлығы еркек пен әйелдің қарым-қатынасына ғана тірелмейді. Одан басқа жағдайлар да бар", – деп жазды әнші.
-
"Сүттен ақ, судан таза емеспін": Мақпал Исабекова не үшін туған күнін тойламайтынын түсіндірді
-
"Екі қалада тұрамыз": Әнші Мақпал Исабекова алғаш рет күйеуі туралы айтты
Айта кетейік, Дильназ Ахмадиева өнердегі жақын құрбысы Мақпал Исабековамен араласпай кеткенін мойындаған еді.
“Араласпай кеткенімізге төрт жыл болды. Біз енді жақын құрбы емеспіз. Солай болып қалды. Жолымыз бөлек екен. Екеуміздің достыққа деген көзқарасымыз да әртүрлі екен. Жаман ештеңе болған жоқ. Көрген жерде амандасып тұрамыз. Бір-бірімізді көрместей болып кеткен жоқпыз”, – деген еді әнші.
Сондай-ақ Мақпал күйеуінің жанында болуы үшін Шымкент қаласына қоныс аударғанын жазған едік.
Фото: https://www.instagram.com/makosyai/
Еске салайық, жақында әншінің әкесі дүниеден озған еді.