Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қысқарған сөздерді білесіз бе?

Тілімізде қысқарған сөздер жиі кездеседі. Сөйлем ішінде қысқарған сөздер кездессе, олардың қай сөздерден қысқарғанын біріміз білсек, біріміз білмей қаламыз. Бүгінгі материалымызда аббревиатураларға тоқталуды жөн көрдік.

Кейбір күрделі атаулар,мемлекет, мекеме, ұйым аттары бірнеше сөздің тіркестерінен құралып, тілге жеңіл болуы үшін кейде қысқартылып та қолданыла береді. Осылайша қысқартылып берілген сөздерді қысқарған сөздер дейміз.

Бүгін жиі кездесетін қысқарған сөздердің толық атауларымен бөлісеміз:

ЖШС  – жауапкершілігі шектеулі серіктестік

АҚ  – акционерлік қоғам

ЖАҚ – жабық акционерлік қоғам

АҚТҚ (ВИЧ). – адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы

ҰӘАҚ – Ұлттық әл-ауқат қоры

ЖІӨ – жалпы ішкі өнім

БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі

ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі

СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі

ҚҚС (НДС) – қосылған құн салығы

ЭЦҚ –  электронды цифрлық қолтаңба

ПТР  – полимеразды тізбекті реакция

Дайындаған: Аққибат АҚЖІГІТОВА

 

Біз, Stan.kz редакциясы, қазақстандықтар қазақ тілінде сауатты жазып, сөйлегенін қалаймыз. Осы орайда, "Таза тіл" шығарылымдар сериясын жарияладық.

Қазақ тілінде сөйлеуде тағы қандай сәттерде қиындық туындайды? Адамдар қай кезде жиі қателеседі? Егер сауалдарыңыз болса, келесі форма арқылы бізге сұрақ жолдаңыз

Талқылау